Ыстыбаев, Сәлімгереев, Әбдіразақов - Қазақстан чемпиондары

14.11.2018
Ыстыбаев, Сәлімгереев, Әбдіразақов - Қазақстан чемпиондары
Қызылжардағы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы белдесулер ауыр салмақ дәрежелерінен басталды.

Бұл күн лидерлердің жеңіліс тапқан күні болып тіркелді. Қазақ күресіндегі ең нәтижелі балуан Айбек Нұғымаров жартылай финалда Руслан Әбдіразақовқа есе жіберсе, биылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап жүрген Мұхит Тұрсынов қызылордалық Мақсат Исағабыловқа ұтылды. Бұл күні Дәурен Нұралинов жүлдесіз қалса, Айбат Сейтен екінші орынды қанағат тұтты. Аталған балуандардың барлығы соңғы жарыстарда, соның ішінде былтырғы Қазақстан чемпионатында үздіктер қатарынан көрініп жүргендер. Енді бұл спортшылар біріншіліктің соңғы күні күні сарапқа салынатын "Түйе балуан" дәрежесінде барын салмақ.

90 кг

І. Әділжан Ыстыбаев (Шымкент)

ІІ. Аян Рысбай (Жамбыл обл)

ІІІ. Әсет Ахметжан (ШҚО)
ІІІ. Алтынбек Аусағитов (Қызылжар арландары СК)

Әділжан Ыстыбаев, Қазақстан чемпионы: "Әр кездесу қиын болды деп айта аламын, өйткені ел біріншілігіне әр аймақ үздік балуандарын алып келеді. Ақтық сында жас балуанмен кездестім. Финал барысында сәті түскенде қарсы әдістер қолдандым".


100 кг

І. Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда обл)
ІІ. Мақсат Исағабылов (Қызылорда обл)
ІІІ. Мұхит Тұрсынов (СҚО)
ІІІ. Дәулет Мақабаев (ШҚО)

Нұрым Сәлімгереев, Қазақстан чемпионы: "Мақсат Исағабылов өзімнің бауырымдай. Біз көп жылдан бері бір залда жаттығамыз, бапкеріміз бір, тіпті бір үйде тұрамыз. Сол себепті финалда бір бірімзге бата алмай жүрдік, бірақ бәрі әділ болды, алдын ала нәтижені келісуге жол бермедік. Қоянқолтық белдесуде жеңіс маған бұйырды".+100 кг
І. Руслан Әбдіразақов (Алматы)
ІІ. Айбат Сейтен (Астана)
ІІІ. Рустам Жұмаев (СҚО)
ІІІ. Нұрсұлтан Иманғазин (Ақтөбе обл)

Руслан Әбдіразақов, Қазақстан чемпионы: "Айбек Нұғымаровқа осы уақытқа талай рет қтылғанмын. Аллаһтың қалауымен осы жолы жеңіске жеттім. "Қазақстан Барысында" жеңілген соң, өзіме бірнеше ай демалыс жарияладым, Қазақстан чемпионатына 20 күндей қалғанда дайындықты бастап, нәтижесі осындай болды".
Теги:

Спонсоры и партнеры